13
сәуір
2022
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Тоқтарбекұлы Емельбаевпен кездесу
2022 жылдың сәуір айында еліміздегі Ұлттық Тестілеу Орталығының бас директоры Руслан Тоқтарбекұлы Емельбаев мырза Ziyatker highschool мектебімізге келіп мұғалімдер және оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына ҰБТ бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, сонымен қатар түлектердің сұрақтарына толықтай жауап беріп көптеген пайдалы ақпараттарымен бөлісті. Одан бөлек оқушыларымыздың сұрауы бойынша шетелдің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін қажетті пәндер мен құжаттары туралы біршама ақыл-кеңесін берді. Жиын соңында мұғалімдеріміздің жұмысына және оқушылардың түрлі сынақ емтихандарына сәттілік тіледі!



