Мектептің тарихы » «Зияткер-Білім» мектебі
«Зияткер-Білім» мектебі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шымкент қаласы,Әл-Фараби ауданы,
Н.Төреқұлов көшесі, 17/1 үй
Қабылдау бөлімі :
+7 (771) 864-33-66
Есепші бөлімі:
+7 (701) 083-47-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

Мектептің тарихы

Шымкенттің жастарына көмегімді тигізгім келеді!

Өзімнің өмірлік философиям жайында қысқаша айтып өтсем. Менің ойымша әр адамның өзінің ықпал ету аймағы бар. Суреттеп айтқанда, ортада адамның өзі бір нүкте сияқты болып тұрады, ал сыртынан оны бірнеше шеңбер қоршап тұрады. Әр шеңбер – ол қосымша ықпал ету аймағы. Бастапқыда адам өзіне көмек беру керек – ол сапалы білімге қол жеткізу, жақсы жұмыс орнына тұрып, сапалы өмір сүруге қажетті қаражатқа ие болу, т.б. Бұл белесті бағындырғаннан соң келесі шеңберге ықпал етуге көшсе болады – ол бақытты отбасын құру, бала-шағалы болу, соларға қажетті қаражатты адал еңбегімен табу, оларға сапалы білім алуға жағдай жасау, ата-анасына алаңсыз жағдай жасау және т.б. Үшінші шеңбер – ол өзінің алыс-жақын туыстарына көмегін беру, пайдасын тигізу. Ал төртінші шеңбер – ол өзінің туған аймағының адамдарына, сол өңірдің жастарына інісі мен қарындасындай қарап, соларға қолынан келгенше пайдалы болу.
 Шымкент менің туған қалам, оның тұрғындары маған ыстық көрінеді, бала-шағасын іні-қарындастарымдай көремін. Ендігі көмектің кезегі сол жастарға келіп тұр. «Соларға арнап не істей аламыз, қолымыздан не келеді?» дегенде, оқыту саласында тәжірибеміз бен дағдыларымыз бар екенін түсініп, оқыту орталығын ашып, балаларға сапалы білім беру арқылы пайдалы бола алатынымызға көз жеткіздік.

Сонымен қатар, Оқу орталығын ашу арқылы осы өңірдің тумаларына, білікті мұғалім мамандарына сапалы жұмыс орындарын беру мүмкіндігі туды. Қазіргі таңда 30-дан аса мұғалімге жұмыс орнын беріп жатырмыз. Оған да қатты қуаныштымыз!

Міне, осы біздің құндылықтарымыз. Осы құндылықтарды ұстануға атсалысамыз.
 Сол үшін біз еңбекқор және білімге құштарлығы жоғары балаларға ЖЫЛ БОЙЫ  100 ПАЙЫЗ ТЕГІН ОҚУ ГРАНТТАРЫН береміз.

Әрине, Алматы, Астана  сияқты Қазақстанның қалталы қалаларына барып оқыту бизнесін жасауға болады. Алайда, оқыту ісі тек қана бизнеске айналып кетсе, табысты көбейту мақсатында жан-жақтан филиалдарыңды ашып тастасаң, онда біріншіден – өз-өзіңді жоғалтасың, екіншіден – беріп жатқан біліміңнің сапасын да жоғалтасың. Егер оқыту орталығы тек бизнеске айналса – онда ол сәтті бола алмайды.

Біздің қалауымыз ол осы Шымкенттің жастары сапалы білім алып, шет елдерді көріп, кәсіби және өмірлік тәжірибе жинап келіп, осы өңірге қызмет етсе екен дейміз.

Сондықтан да «Зияткердегі» біздің мақсатымыз әр келген балаға барынша, бар мүмкіндікті қолданып, бар білімімізді салып, өзіміздің туған жеріміздің балаларына көмегімізді беру.

Сеніміңізге рақмет! Оны ақтауға барынша тырысамыз.

Негізі, біздің арманымыз Мектеп ашу. Сапалы, балаларға мейіріммен қарайтын және әр баланың жеке тілін табатын мектеп жүйесін құру. Іскер ата-анаға ыңғайлы болатын, баланы азаннан кешке дейін ұстайтын, оған түрлі спорттық, өнер, зияткерлік үйірмелер ұсынатын, сол жерде 3 мезгіл тамақтандыратын мектеп болса екен деймін.

Міне, осындай идеямен 2019 жылы 11 тамызда Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы 36/1 мекен-жайында 350 балаға арналған «Зияткер-Білім» мектебі ашылды. Мектепте 18 оқу кабинеті заманауи техникалық базасымен жабдықталған, балалардың қауіпсіз білім алуына барлық жағдай жасалған және өз мамандығының кәсіби шебері атанған 50- ге жуық педагог қызмет атқарады. Сонымен қатар мектепте баланың қызығушылығына  қарай әр түрлі спорттық және шығармашылық үйірмелер, ойлау жылдамдығын арттыру сабақтары өтіледі. Әр оқушыны педагог-психологтың жеке-дара қолдауы өте жоғары деңгейде. Дефектолог, логопед мамандары да жұмыс атқарады. 




"Ziyatker mektebi" білімі мен білігі жағынан өзгелерден жеңілмейтін, бәсекеге қабілетті, ұлттық тілі мен ділін сақтайтын болашақ көшбасшыларды дайындайтын №1 жаңа заман мектебі болатынына сенеміз!

Мектептің миссиясы: Қазақстан қоғамына 100 мың зияткер, еңбекқор, талапшыл адам тәрбиелеу.


6-сынып оқушылары математика, қазақ тілі, Орыс тілі, ағылшын тілі, Жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырғаннан кейін НЗМ-де жыл сайын наурыз-сәуір айларында жоғары нәтижелермен НЗМ, БИЛ (Білім инновациялық лицей, бұрынғы қазақ-түрік ҚТЛ лицейі) Шымкент, Түркістан қалаларына оқуға түседі: 

2019-2020 оқу жылы-32 оқушы (білім алушылардың 50%) 

2020-2021 оқу жылы-29 оқушы (оқығандардың 51,7%) 

2021-2022 оқу жылы – 27 оқушы (оқығандардың 45%).

Мектептің дарынды оқушыларымен жұмыс балаларды әртүрлі зияткерлік және шығармашылық конкурстарға, олимпиадаларға, түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысуға тартуға негізделеді.

2021-2022 оқу жылында «Зияткер-Білім» мектебі 10-11 – сынып оқушыларын оқуға қабылдап жалпы білім беретін мектеп болды. 





"Зияткер - Білім" ЖШС мектебінің жоғары білікті мұғалімдер құрамының арқасында 2021-2022 оқу жылының алғашқы түлектері еліміздің үздік университеттеріне оқуға түсті, онда оқу үшін міндетті шарт, тіпті ақылы негізде болса да – ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары балл болуы қажет. 

1)ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) нәтижелері: Бірінші бітіруші – 46 зияткер оқушысы, оның ішінде мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері-32 оқушы (Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақстан-Британ университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан университеті.М. Әуезова, Қ. М. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, "НАРХОЗ" университеті, Astana IT University, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті),

- Ішкі университет гранттарының иегерлері-3, – шетелде Түркия, Анкара-1 (Қойжанов Бексұлтан-ол әрі де мемлекеттік білім беру грантының иегері болған). Қалған 20 түлек ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен еліміздің жоғарғы оқу орындарында ақылы негізде оқиды.

2) "Алтын Белгі" иегерлері - 5 оқушы: 

1. Алиаскаров Даниал Нурланович – аттестат ЖОБ №0075237 

2. Балгабай Толкын Айбековна – аттестат ЖОБ 0075238 

3. Батырбекова Жадыра Ильясовна –аттестат ЖОБ  0075239 

4. Мухамерова Алинамекековна – аттестат ЖОБ  0075240 

5. Тыныштық Гульсезим Медетовна – аттестат ЖОБ  0075241

3) Республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері: 

1. Қойжанов Бексұлтан Қанатұлы 2022 ж. түлегі - "ағылшын тілі" тақырыбы бойынша 1 дәрежелі диплом 

2. Алшынбек Айсұлтан 11 сынып – "География"тақырыбы бойынша 3 дәрежелі диплом 

2022-2023 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадаға 9-11 сыныптардың 67 оқушы қатысты. 

4) ғылыми жобалардың нәтижелері: 11 ғылыми жоба жарияланды. "Плагиатқа қарсы" тексеруден өтті - 9 ғылыми жоба, қазіргі уақытта біз келесі кезеңді күтеміз - жобалардың өзін қорғау.


5) халықаралық пәндік олимпиаданың нәтижелері: Түркияның Анталья қаласында өткен ХIV халықаралық пәндік олимпиадада 11 сынып оқушысы Мамыт Арафат Нұрманұлы "География"пәні бойынша 2 жүлделі орынға ие болды.

6) IELTS халықаралық ағылшын тілін білу емтихандары бойынша жоғары нәтижелер: 

1. Тойшиев Бауыржан 11 сынып – 7,5 балл. 

2. Қойжанов Бексұлтан 2022ж. түлегі - деңгейі 7,0 балл. 

3. Иссаев Расул 2022 жылғы түлегі -6,5 балл. 

4. Паизова Қарашаш түлек 2022ж. - деңгейі 6,5 балл. 

5. Балғабай Толқын 2022 ж. түлегі-6,5 балл. 

6. Орынбек Айдос 2022ж. түлегі - деңгейі 6,0 балл. 

7. Режеп Сұлтан 11 сынып-деңгей 6,0 балл 

8. Махамбетәлі Жәнібек 11 сынып – деңгей 6,0 балл 

9. Пашимов Әлімжан 10-сыныпта, қазір Алматыда-5,5 балл. 

10. Ерғалиұлы Сырым 11 сынып-деңгейі 5,5 балл. 

11. Орынбек Әлияр 2022ж. түлегі - деңгейі 5,0 балл. 

12. Консбаева Ардақ 2022ж. түлегі - деңгейі 5,0 балл. 

13. Мұстафа Нұрдәулет 2022ж. түлегі - деңгей 4,5 балл 

14. Сейітомар Жандос 11 сынып – 5,0 балл деңгейі. 

15. Ержан Ермұхаммед 11 сынып-деңгей 4,5 балл


7) шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін математика және ағылшын тілі сұрақтарын қамтитын SAT халықаралық емтиханының нәтижелері: 

1. Паизова Қарашаш 2022 ж. түлегі-1400 балл. 

2. Иссаев Расул 2022 жылғы түлек-1270 балл. 


2022-2023 оқу жылы ішінде мектеп оқушылары келесі іс-шараларға қатысты:

Іс- шаралар

Оқушылар саны

Нәтижесі

Аудандық деңгей


Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі


Ғылыми жобалар зерттеу конкрусы




13 оқушы



12-оқушы




2 оқушы -2 орын

3оқушы- 3орын



Облыстық деңгей


Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі


Ғылыми жобалар зерттеу конкрусы


2- 7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсы



5 оқушы




12-оқушы



1 оқушы



2 оқушы-3орын



5 оқушы -2орын

Мадақтама



3-орын

Қашықтықтан олимпиадалар орталығы

«Алтын ұрпақ»


9-оқушы


8 оқушы-1 орын

1 оқушы – 2орын

Халықаралық деңгей

1 оқушы

1-орын



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив