«Зияткер-Білім» мектебінің әдістемелік кеңесінің жұмыс есебі.
«Зияткер-Білім» мектебінің әдістемелік кеңесінің жұмыс есебі, 2022-2023 оқу жылы.
Мектеп әдістемелік кеңесінің тақырыбы: «Оқытудың заманауи тәсілдерін қолдану арқылы білім беру қызметінің тиімділігін арттыру»
2022-2023 оқу жылында мектепте бекітілген жоспар бойынша 5 әдістемелік бірлестік жұмыс істеді. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жұмысы барысында пәндік олимпиадалардың мектеп кезеңін өткізу, нормативтік құжаттарды зерделеу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, пәндер бойынша білім сапасын талдау және оны арттыру бойынша жұмыс, жиынтық бағалау нәтижелерін және мұғалімдер мен оқушыларда кездескен проблемаларды талдау, сондай-ақ олардың шешу жолдарын айқындау сияқты мәселелер қаралды және т. б. Барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалды.
«Зияткер-Білім» мектебінде 2022-2023 оқу жылы нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып, іс жүзіне асты. Әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.
2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.
3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.
Тамыз айының соңғы күндерінде мектеп мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Оқу жылының басында кеңестің жұмыс жоспары жасалынды. Тамыз, қараша, қаңтар, мамыр айларында бес отырысы өтті. Төменгі мәселелер қарастырылды:
- 2022-2023 оқу жылының ғылым негіздерін оқыту жайлы нұсқау хатпен таныстыру;
- педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстыру;
- оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін мониторингілеу;
- пән апталығының қорытындысы;
- пән ӘБ жұмысы;
- педагогикалық технологияларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
- интерактивті тақтамен жұмыс, компьютерлік сауаттылық;
-ҰБТ оқушыларының шығармашылық дербестігін жандандыру туралы;
- білім беру технологиясын пайдалана отырып информатика, математика, қазақ тілі сабақтарында білім сапасын арттыру жолдары;
- аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі;
- дарынды балалар жұмысының қорытындысы.
Әдістемелік отырыстарда пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді. Сонымен қатар бақылау жүмыстарының, тест қорытындысы туралы мониторинг, сыныптан сыныпқа көшу емтихандарының билеті бекітілді.
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өтуге көп көңіл бөлінеді. Оқу жылының басында курстық дайындықтың перспективалық жоспары жасалады. Қажетті курстар бойынша білім бөліміне өтінім жіберіледі.
2022-2023 оқу жылы қарсаңында мектептің 53 мұғалімі "Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту"курсынан өтті. Сертификаттар бар.
Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балалармен жұмыс міндеттері төмендегідей:
- оқушының тұлғалық және танымдық қабілетін дамыту;
- оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру, білімдерін жетекшілер көмек беру арқылы жетілдіру;
- пәнаралық сабақтастық арқылы басты мәселеге назар аудару;
- сабақтан тыс қоғамдық жұмыстардың маңызын арттыру.
Мектептің дарынды оқушыларымен жұмыс балаларды әртүрлі зияткерлік және шығармашылық конкурстарға, олимпиадаларға, түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысуға тартуға негізделеді.
2022-2023 оқу жылы ішінде мектеп оқушылары келесі іс-шараларға қатысты:
Іс- шаралар | Оқушылар саны | Нәтижесі |
Аудандық деңгей Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Ғылыми жобалар зерттеу конкрусы | 13 оқушы 12-оқушы | 2 оқушы -2 орын 3оқушы- 3орын |
Облыстық деңгей Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Ғылыми жобалар зерттеу конкрусы 2- 7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсы | 5 оқушы 12-оқушы 1 оқушы | 2 оқушы-3орын 5 оқушы -2орын Мадақтама 3-орын |
Республикалық деңгей | ||
Қашықтықтан олимпиадалар орталығы «Алтын ұрпақ» | 9-оқушы | 8 оқушы-1 орын 1 оқушы – 2орын |
Халықаралық деңгей | 1 оқушы | 1-орын |
Осы кестені талдай отырып, біз 2022-2023 оқу жылында республикалық зияткерлік конкурстарға қатысу санының артқанын көреміз. Сонымен қатар, жүлделі орындар саны артты, яғни оқушылардың дайындық деңгейі жақсарды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Жаңа оқу жылының басында белгілі бір пән мұғалімдеріне қатысу және оларды бекіту қажет болатын конкурстардың нақты тізімін анықтау қажет.
Ғылыми-практикалық семинар бұл мектептегі методикалық жұмыстың маңызды және қажетті бөлігі. Семинар жұмыстың дидактикалық формасы түріне жатады. Семинардың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру. Семинардың жұмыс барысындағы алдына қойған міндеттері: алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі мұғалімдердің еңбектері мен оқу-тәрбие барысындағы педагогикалық технологиялармен танысу; педагогикалық ұжымның басты проблемасын анықтау.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынады.
Қараша айында математика әдістемелік бірлестігі пән апталығын өткізді. Апталықтың ашылуы Кахут ойынымен бастап, 11-сыныптар арасында «Числа П» сайысын ұйымдастырды. « Миллион кімге бұйырады?», «Дәмді шашкалар», математикалық эстафета сайыстары 9-10сыныптар арасында өткізілді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.
Желтоқсан айында тарих-география пән апталығы өткізілді. «Кезбе тілшілер» Интервью сұрағы: Тәуелсіздікті мен қалай түсінемін? 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. «Тәуелсіздік жаршылары» топтары, 9-10 сыныптар оқушылары бастауыш сынып оқушыларына көрсетілім жасады. «Тәуелсіздік – орындалған арман» Қазақстан тарихы пәні бойынша 10-11 сыныптар топтық сайыс өтті.География пәнінен Калдыбекова Б.С «Қазақстан су ресурстарының экологиялық мәселелері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ақпан айында ағылшын тілі пән апталығы ұйымдастырылды. Ағылшын тілі форумы «You are the matter» Сахнада сөйлеу мәдениеті сайысы, «TEDx» Оқуға құштар мектеп жобасы «READx», Ағылшын тілі пән апталығының жабылу концерттік кеші «Z- Stars» Интелектуалды ойындар «The quickest the smartest» сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың пәнге деген жоғары қызығушылықтарын көрсетті.
Наурыз айында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі пән апталығын өткізді. Тиімді жоспарланаған сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар мұғалімдердің жоғары біліктілігімен шеберліктерін көрсетті.
Қараша айында директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Қалдыбекова Б.С. ғылыми-практикалық семинарда төмендегі іс-шараларды өткізді. Қаңтар айындағы ғылыми-практикалық конференция барысында әдістеме бірлестік жетекшілері «Инновациялық, педтехнологиялық тиімділік пен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» деген тақырыпты қарастырды.
Мектептің әдістемелік жұмысының ішіндегі ең маңызды орын педагогикалық тәжірибені оқыту, дамыту және тарату болып табылады. Мұғалімдер іс-тәжірибелерін дамыту, тарату мақсатында мақалалары, ашық сабақтары баспа бетінде жарияланды, әдістемелік жинақтар баспадан шықты.
Қалдыбекова Б.С. Әдістемелік жинақ. «Қазақстан географиясы бойынша ҰБТ-ға дайындық» 2022жыл. Зияткер баспасы.
Серікбаев А.Т. Әдістемелік жинақ. «Дүнизжүзі тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық» 2023жыл. Зияткер баспасы.
Шахдатханова А.Ш. Журнал «Бастауыш білім» №6-2022 ж.
Қорытындылай келе айтатынымыз. Қазіргі заман талабына сай мектепке тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарларында ең негізгі бағыт болып табылады. Әдістемелік жұмыстың ең негізі бұл – мектепте жалпыға бірдей сый құрметпен қарауға, әр адамның өзін-өзі өсіруіне ұжымдық және жеке алға ұмтылуына жағдай жасау.
Дайындаған: Калдыбекова Б.С.
Посмотреть онлайн файл: b-eseb_2022-2023-1.pdf